Зайсан тұрғындары боранда жолға шығып, адасып кеткен

282
көрілім
Фотосурет Aikyn.kz сайтынан

Ауа райы бұзылса да Қалжыр ауылдық округіне жол тартқан жанұя Марқакөл ауданында тұратын туысқанына барған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оқиға қаңтар айының 9-ы күні болды. Жеңіл көлікпен жолға шыққандар ақ түтекте терең шұңқырға түсіп кетеді. Қалжыр округіне қарасты Шыбаршілік фермасында мал бағатын туысына барып, қайтар жолда бағытынан жаңылды. Зайсан тұрғынының қасында әйелі және үш баласы (кішкентайы 1 жаста) болған.
- Қолайсыз күн райы тығырыққа тірегенімен қатар, жақын маңда елдімекен де жоқ. Абырой болғанда, байланыс ұстап, айдалада қалған отбасы Боран ауылында тұратын туыстарына хабарласты. Боран ауылдық округі атынан сайланған аудандық маслихат депутаты Алмат Хасеновтің ұйымдастыруымен Марқакөл орман шаруашылығы Боран бөлімшесі техникасының күшімен машина шығарылып, жолаушылар құтқарылды, - делінген Мырзабай Марқабаев есімді тұрғынның жазбасында.