Зайсан ауданында Үйдене өзенінің деңгейі көтеріліп, көпірді су шайып кетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, толассыз жауған жаңбыр және таудағы еріген қар суының салдарынан Үйдене өзенінің деңгейі көтерілген.
«Зайсан ауданы «Жарсу-Бақасу» ауылдарының аралығындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолындағы көпір шетін су шайып кетті. Жол жиегін қайта қалпына келтіру жұмыстары бүгін таңғы уақытта басталды», - делінген ақпаратта.
Көлік қозғалысына шектеу қойылмады. Жол бойында кезекшілік ұйымдастырылған.