Зайсандық оқушылар Катонқарағай ауданындағы жазғы шатырлы лагерьде демалып қайтты

871
көрілім
Зайсан ауданындағы Х.Мұстафина атындағы мектеп лицейінің оқушылары Катонқарағай ауданында ұйымдастырылған жазғы шатырлы лагерь шарасына қатысып, демалып қайтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Катонқарағай ауданы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жас турист бекеті жыл сайын ұйымдастыратын дәстүрлі шараны биыл да қолға алып, зайсандық 15 оқушы мен екі ұстазды қабылдады. «Мұзтау» жазғы демалыс лагері үш күн ішінде балаларды қымыз өңдеу технологиясымен таныстырып, саумал мен бал өнімдерінің дәмін татқызды.

Сондай-ақ, балалар Берел мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ғимараты мен «Патшалар жазығына» саяхат жасады.