Зайырлылық-бейбітшіліктің кепілі

780
көрілім
Фотосурет ult.kz сайтынан

Бүгінгі таңда әлемге жаһандану ықпалы кең етек алған сайын адам құқығы, адамзаттық ортақ құндылықтар мәселесі өзектілігін арттырып, әлем алдындағы негізгі міндетке айналып отыр. Ғасыр аяғында Кеңес Одағының күйреуі ондағы мемлекеттердің атеизмнен бас тартып,өзінің ата дініне оралып, ұлттық құндылықтарын алға қоюы жаңа бетбұрыстың бастамасы болды. Қазақстан халықтарының этникалық ұстанымы дәстүрлі ислам дінімен арнасы бір болғанымен мемлекетіміз зайырлылық қағидаттары арқылы адами құндылық, азаматтық құқық, діни сенім бостандығының негізін қалады.

Еліміз нарықтық қатынастарды өтпелі кезеңдерін бастан өткеріп жатқан кезде елімізге әртүрлі діни секталар қаптап, халықтың діни сауаттылығының аздығын пайдаланып, өз мақсаттарына кірісіп, азаматтарды өз қатарларына қосып жатты. Бұл сол кезеңдік мәселе еді. Кешікпей барлығы реттеліп, дін саласында заңнамалық актлер жаңартылды.

Осы кезеңдерде азаматтардың діни сенім бостандығына берілген еркіндікті желеу етіп, оны жат діни ағымдардың өз пиғылдарын жүзеге асыра бастаған еді.

Тәуелсіздік жылдарындағы осы тәжірибе зайырлылықтың Қазақстанға тән өз бағыты, мақсаты мен әрекет үйлесімділігі, басымдығы болу керектігін дәлелдеді. Зайырлылық аясында діндерге мемлекет бақылау қою мәселесінде аса қырағылықтың қажет екендігін танытты.

Зайырлылық дегенміз-атеизм емес. Немесе ол исламға қарсы ұрылым да көзқарас та емес. Тарихын қуа келсек зайырлылық сонау дәуірде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) заманында бастау алып, Алла Елшісінің (с.ғ.с) кейбір келісімдері зайырлылыққа негізделгенін және зайырлылықтың сол кезден басталатындығын көруге болады.

Атап айтар болсақ 622 жылы қабылданған «Мәдина конституциясында (келісімінде)» бірнеше дін өкілдерінің бір мемлекетте тең дәрежеде өмір сүріп, өзара құқықтық мәміле орнатып, Мәдина қаласының ішкі-сыртқы мәселелерін реттеуде ортақ міндеттерге ие болуы көрсетілген.

Осы келісімнен бастау алатын зайырлылық құндылықтары бейбіт, берекелі өмірдің бастауы десек қателеспейміз. Діндердің бір-біріне деген құрметі мен дінаралық татуылық, этностардың өзара ынтымағы кез келген мемлекеттің тұрақты дамып, гүлденуі үшін басты маңызға ие екендігі дәлелденіп отыр.

Дәулет Қабидолдин

Өскемен қаласы