2017 жылдың 30 маусымында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің ШҚО бойынша Департаменті зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандыру бағыттары бойынша „Ашық есік күнін„ өткізеді.
Естеріңізде болса, өткен аптада Елбасымыз әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған еді. Осыған орай, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің ШҚО бойынша Департаменті зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандыру бағыттары бойынша тұрғындарға „Ашық есік күнін„ өткізбек.
Өңір тұрғындары 2017 жылдың 30 маусымы күні Белинский көшесі, 32 мекенжайында таңғы сағат 9.00-ден түскі 13.00-ге дейінгі аралықта ұйымдастырылатын қабылдау барысында зейнетақы мен әлеуметтік көмек жайындағы көкейкесті мәселелеріне жауап ала алады.