Шығыс Қазақстанның ең әдемі өзендерінің бірі Тұрғысын түрік тілінен аударғанда осындай мағына беретін көрінеді. Толқыны қатты бұл өзен Батыс Алтай мұздығынан шығып, Бұқтырмаға ұласады.
Тұрғысынның суы да ерекше: шөлмектегі минералды сулармен салыстырғанның өзінде ол таза әрі мөлдір болып көрінеді.
XVIII ғасырдың ортасында Тұрғысынға Алтай зауыттарына тіркелген басыбайлы шаруалар мен шіркеудің никониандық реформасын қабылдамаған, ескі көзқарасты сақтайтын кержактар қашып келген. Тылсым Ақсу туралы аңыздарды естіп, осы өңірге келіп, қоныс тепкен. Орман тіреулерінде зәйімкелері мен скиттарын тұрғызады. Қашқындарды билік қанша іздесе де, таба алмайды. Тек 1761 жылы прапорщик Зеленый долы өзеннің бойында орналасқан құпия ауылға жолығады. Ал жиырма жылдан кейін билік бой ұсынып, жаңа қонысты мойындаған екен. Бұл жер кейін сол ауылдың құпиясын жасырған ағыстың атымен аталып кетеді.
Тұрғысынның жағасындағы Кутиха ауылында қазір жыл сайын «Алтын Тұрғысын» халықаралық фестивалі өтеді. Оған әр түрлі елдерден ақын, суретші, бардтар мен фольклорлық ұжымдар келіп, қатысады. Бұл фестивальді құрушы — Шығыс Қазақстанның тамаша жазушысы Александр Егоров. Ол өзінің шығармаларында «Жабайы бұқа өзенін» жыр етеді. Өкінішке орай, осы жылы ол дүниеден өтті, бірақ оның бастаған ісі өз жалғасын табуда.