Облыс орталығында өткен жиында қала әкімі қоғамдық көлік мәселесін сөз етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осыған дейін атқарылған жұмыстарға бір тоқталып, алдағы жоспарымен де бөлісті.
- Сәтін салса, биыл 55 жаңа автобус сатып алынбақ. Одан бөлек, тағы бес жаңа трамвай жеткізілмек. Қыркүйекке дейін біржақты қылмақпыз, бұл да тарихи сәт болары сөзсіз. Себебі, 75 жылдан бері қаламызға трамвай сатып алынбаған болатын, - деді Жақсылық Мұқашұлы.
zhaksylyk_omar_biyl_oskemenge_bes_tramvay_
49