Жақсылықтарға толы желтоқсан

1135
көрілім

Желтоқсан айы Тарбағатай ауданының бірқатар елді мекендерінің тұрғындары үшін жағымды жақсылығымен есте қалмақ. Бұл жөнінде аудан әкімінің сайтында хабарланған.

Атап айтсақ, Шеңгелді, Шорға ауылдарына "Ақбұлақ" бағдарламасы бойынша таза ауызсу тартылып, Үштөбе ауылында наубайхана ашылды. Аталмыш шаралар легі Тарбағатай ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаевтың 11-13 желтоқсан аралығындағы іссапарлары барысында іске асты.

Сондай-ақ аудан әкімі Ақжар ауылдық округіндегі шаруа қожалықтарының мал бордақылау алаңдарымен танысып, Жетіарал ауылының тарихына арналған "Киелі қоныс, құт мекен" атты кітаптың тұсаукесеріне қатысты. Бұдан бөлек, аудан басшысы Ақжар ауылындағы Б.Сайханов атындағы қайта жөндеуден өткен спорт мектебінде болып қайтты.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ