Өткен жылдың желтоқсан айындағы орташа жалақының көлемі белгілі болды, деп хабарлайды газет тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің хабарлауынша, 2018 жылдың желтоқсан айында жалдамалы жұмысшының орташа жалақысы 174 642 теңгені құраған.
Сонымен қатар өткен жылдың қараша айымен салыстырғанда тұрғындардың жан басына шаққандағы табыс көлемі де өзгеріп, 95 152 теңгені құрады. 2017 жылдың қараша айымен салыстырғанда жалақы номиналды түрде 6,3 пайызға көтерілген.
Ерлен ОСМАНОВ