Алтай ауданындағы Жаңа Бұқтырма кентінде жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы монша жанды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, қазір өрттің неден шыққаны анықталуда.
Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай кезінде 101 немесе 112 нөміріне хабарласу қажет.