Шенеуніктер сөзінше, дәл осылай Алтай ауданына қарасты басқа елдімекендер де қамтылмақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, Жаңа Бұқтырма кенті тұрғындары деректерді 500 Мбит/с жылдамдықта қабылдайтын, озық интернетке қосылды.
Сапалы интернет келіп, мәселенің шешілгеніне ризамыз дейді тұрғындар.
- Осы жылдар ішінде Қазақстанда тек бірнеше байланыс операторлары болды, бүгінде бұл ортада дамуды көздейтін бәсекелестік бар. Осының арқасында ірі қалалар мен аудан орталықтарында ғана емес, шалғай ауылдарда да жылдам интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік туды, - деді ШҚО IT Қоғамдық кеңесінің цифрландыру комитетінің басшысы Болатбек Закимов.