Жаңа әкім

714
көрілім

Күршім ауданына жаңа әкім тағайындалды. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың шешімімен бұл қызметке Дулат Қажанов келді.

Дулат Қажанов 1984 жылы Зайсан қаласында туған. 2007 жылы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері» мамандығын аяқтап, 2011 жылы «Экономика» мамандығына оқуға түседі.

2007-2008 жылдары аралығында Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру Шығыс Қазақстан облысы департаментінің жетекші маманы, 2009 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің агроөнеркәсіптік және өндірістік кешенінің талдау секторының бас маманы, 2010-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі лауазымдарын атқарған. Күршім ауданының әкімі атанбас бұрын Ұлан ауданы әкімінің орынбасары болып істеген.