Қазақстанның Тәуелсіздік күні-еліміздің басты мерекелерінің бірі. Егемендікке қол жеткізіп, бейбіт өмірдің жаңа парағын ашқан, тарихтағы елеулі күн. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тиісті заңға қол қойды. Дәл осы күннен бастап еліміздің жарқын өмірге бастаған жолы айқара ашылды.
30 жыл ішінде жас мемлекет үлкен серпіліс жасады. Біз ядролық қарудан бірінші болып бас тартып, ДСҰ мен ЕАЭО-ға кірдік. Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына еніп, саммиттер, форумдар мен келіссөздер өтетін, сенімді халықаралық алаңға айналдық. Ел тарихы-бұл ғылым, білім және денсаулық сақтау саласындағы жаңа кәсіпорындар, спорттық жеңістер мен жетістіктер. Қазіргі Қазақстан-бұл ұлттық бірліктің және Отанымыздың бүгіні мен болашағы үшін ортақ жауапкершіліктің символына айналып отыр.
Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл. Осы жылдар аралығында еліміз қиындықты еңсеріп, батыл қадаммен күн сайын қарыштап дамып келеді. Біздің ортақ мүддеміз, кешегі құндылығымыз, бай тарихымыз бен болашаққа нық басатын жоспарларымыз бар. Осы ретте, еліміздің әрбір өңірі өзіндік ерекшелігімен республиканың экономикалық дамуына өз үлесін қосуда.
ШҚО әкімі Даниал Ахметов ел Тәуелсіздігін алған уақытта нарықтық экономиканың қыр-сырын қалай меңгергенін осылай еске алады:
"Біздің арамызда тәжірибелі саясаткерлер де, өз жолын енді бастаған адамдар да болды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бізді күн сайын жинап, нарықтық экономиканы қалай құру керектігін түсіндірді. Бұл бізге көп нәрсені үйреткен даңғыл жол болды".
Айта кетейік, көптеген көрсеткіштер бойынша шығыс өңірі көш бастап тұр. Серпінді жобалар, инновациялық технологиялар, жоғары көрсеткіштер мен батыл идеяларды іске асырып, көпке үлгі болып танылған да осы Шығыс Қазақстан