Жаңа қызмет

531
көрілім

Тұрғын үй иелері пәтерінде тіркеуде тұрғандарды ХҚКО-ға бармай электронды түрде тіркеуден шығара алатын болды.

"Азаматтарға арналған үкімет" АҚ "Электронды үкімет" порталында жаңа онлайн қызметті іске қосты. Енді кез келген үй иесі үйінен шықпай-ақ үй тұрғандарын тұрақты және уақытша тіркеуден шығара алатын болды.

Онлайн режимінде көрсетілетін қызметті алу үшін eGov.kz порталына кіріп, қызмет түрі мен аймақты таңдайсыз. Ал өтінішті құптау үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ. Ал аталмыш қызметті алу үшін тұрғын аталған порталда тіркелген болуы керек.

Бұған дейін бұл қызмет түрі тек ХҚКО-ға бару арқылы ғана жүзеге асатын.

Азамат ТЕМІРБЕКОВ