Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мүгедек балалардың ата-аналарына жаңа мемлекеттік жәрдемақы тағайындау жөнінде тапсырма берді.
– 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап бала кезінен І топ мүгедегі болып саналатыг кәмелеттік жасқа толған азаматтарды бағып-қағып отырған ата-аналарға қосымша мемлекеттік жәрдемақы енгізуді тапсырамын, – деді Президент.
Қазіргі таңда мұндай жәрдемақыларды елімізде 14 мыңдай отбасының алып отырғанын тілге тиек еткен ол, аталмыш мақсатқа 2018 жылы үш миллиард теңгеге жуық қаржы қажеттігін баса айтты.