Жаңа өнім жасалды

460
көрілім

Қазақстанда қатты суыққа төтеп беретін дизельдік жағармайдың жаңа түрі шығарылды, деп хабарлайды газет тілшісі Sputnik Казахстан сайтына сілтеме жасап.

Атырау мұнай өңдеу зауытында жасалған жаңа жағармай Khazar-32 деген атауға ие болды. Оның фильтрлік температурасы -32 градус. Зауыт өкілдерінің айтуынша, саршұнақ аязға төтеп беретін экологиялық таза жағармай қазақстандықтар арасында кеңінен танымал болатынына сенімділік білдіріп отыр.

Жаңа өнім мұнай өңдеу зауытын жаңғырту барысында салынған мұнайды бірінші кезекте өндіру зауытынан алынған.

Ерлен ОСМАНОВ