Жаңа тәртіп

431
көрілім

Балаларды сыныптарға қабылдау жаңа тәртіпте жүргізілмек. Атап айтсақ, жаңа ережелерге сәйкес, сыныптарға оқушыларды қабылдау бұдан былай дайындық деңгейіне қарай жүргізілмейтін болады.

Ережелер Білім және ғылым министрінің жаңа бұйрығымен 12 қазанда бекітілді.

Ережеде сыныптарды оқушылардың дайындық деңгейіне және даму сатысына қарай жасақтауға жол берілмейтіндігі жазылған. Сонымен қатар типтік ережелерде ерекше қажеттілігі бар балаларды оқуға қабылдамас бұрын ата-аналарының келісімі бойынша педагогтық-медициналық-психологиялық кеңестің қорытындысы ескерілуі керектігі көрсетілген.

Ата-аналар баланың тілегіне және ерекшелігіне қарай білім ордасынтаңдауға құқылы.

Сондай-ақ оқуға қабылдаудан бас тартылған кезде баланың ата-анасы мен оның заңды өкілі тұрғылықты жері бойынша білім басқармасына жүгіне алады.

Бүлдіршінді бірінші сыныпқа қабылдағанда мамандандырылған білім беру мекемелерінен, гимназия мен лицейлерден басқа білім мекемелері тестілеу, конкурс өткізбеуге тиіс.

Ерлен ОСМАНОВ