Жаңа жылдан бастап пойыз жолаушыларын бірқатар өзгерістер күтіп тұр. «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми сайтына сүйенсек, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Астана-Лениногорск» бағытында (№375 және №376) қатынайтын пойыздың вагондары заманауи «Тұлпар-Тальго» вагондарымен алмастырылады. Осыған орай жол 28 сағатты құрап, жүру уақыты үш сағатқа қысқарады.
Өскемен-1 (бұрынғы Защита) станциясының хабарлауынша, Жаңа жылдан бастап №67/68 «Астана-Защита» жүрдек пойызы жүруін тоқтатады. Осыған орай 1 қаңтардан бастап Защита учаскесіндегі жолаушылар пойызының жүру кестесі өзгереді.
Сондай-ақ, 1 қаңтардан бастап «Алматы-Защита» пойызының нөмірі №69/70 -тен №45/46-ға өзгертіледі. Бұдан басқа, Жаңа жылдан №153/154 «Астана-Семей» бағыты бойынша жаңа жүрдек пойызын жіберу жоспарланып отыр.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Защита учаскесінен жүретін жолаушылар пойызының кестесі:
|
Пойыз нөмірі |
Жүру бағыты |
Жүру уақыты |
Келу уақыты |
Жүру күндері |
|
45 |
Защита-Алматы |
18.05 |
Алматы-1 — 11.16 Алматы-2 — 12.08 |
Күн сайын |
|
46 |
Алматы-Защита |
Алматы-2 — 20.59 Алматы-1 — 21.49 |
15.13 |
Күн сайын |
|
351 |
Алматы-Защита |
Алматы-2 — 18.46 Алматы-1 — 19.38 |
21.35 |
Күн сайын |
|
352 |
Защита-Алматы |
10.40 |
Алматы-1 — 11.01 |
Күн сайын |
|
375 |
Астана Нұрлы жол-Лениногорск |
21.10 |
01.12 |
Күн сайын |
|
376 |
Лениногорск-Астана Нұрлы жол |
05.13 |
08.39 |
Күн сайын |
|
391 |
Томск-Лениногорск |
19.55 |
06.25 |
Жұп санды күндері |
|
392 |
Лениногорск-Томск |
00.10 |
04.07 |
Тақ санды күндері |
|
641 |
Защита-Зыряновск |
23.05 |
05.40 |
Сәрсенбі, жұма, сенбі |
|
642 |
Зыряновск-Защита |
13.00 |
19.35 |
Бейсенбі, сенбі, жексенбі |
|
6983 |
Защита-Лениногорск |
17.15 |
20.25 |
Сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі |
|
6984 |
Лениногорск-Защита |
06.40 |
09.50 |
Бейсенбі, сенбі, жексенбі, дүйсенбі |

