Жаңадан бой көтереді

453
көрілім

Өскемен қаласындағы Шығыс ауылының қарама-қарсы тұсынан 1 мың үйге шақталған тағы бір тұрғын аудан бой көтереді, деп хабарлайды газет тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мереке күндері жаңа елді мекеннің жобасымен облыс әкімі Даниал Ахметов танысып қайтты. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтеретін тұрғын ауданға алғашқы лекте 54 жекеменшік үй салынады. Бір айдың ішінде олардың тағаны түзіліп үлгерген. Енді іргетасын құю жұмыстары қызу қарқын алған.

- 54 үйдің 31-і 80 шаршы метрлік баспана болмақ. Қалғандары - 100 және 130 шаршы метр. Келер жылдың ортасына дейін 54 үйдің кілтін табыстауымыз қажет. Оларды халық «Тұрғын үй құрылыс Жинақ банкі» арқылы «7-20-25» бағдарламасы бойынша сатып алады, - дейді «Восток Строй» компаниясының директоры Әділет Бордатқанов.

Ерлен ОСМАНОВ