Жаңадан құрылған Марқакөл ауданында туризм дамытылмақ

162
көрілім
Фото:kazmab.kz сайтынан

Келесі жылы Қиын Керіш трактінде этноауыл құру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс әкімі Ермек Көшербаев Күршім ауданының халқымен кездесуде туризмді дамыту мақсатында қолға алынатын жұмыстарды сөз етті. Сондай-ақ аймақ басшысы жолдардың жай-күйі мен жол бойындағы инфрақұрылымды дамытуға назар аудару қажеттігін еске салды.
Келесі жыл өңірде Жол жылы деп жарияланған. Соған сәйкес, 15 миллиард теңгеге 600 шақырым жол жөндеу жоспарлануда. Биыл шамамен жеті миллиард теңгеге 392 шақырым жол жөнделді.