Өскемен қаласындағы орталық Мәдениет үйінің маңдайшасы жаңартылды, бұдан былай «Ertis kontsert» деп аталатын болды.
Бұл ғимаратты 2018 жылы мемлекет сатып алып, Өскемен қаласының құзыретіне берген еді. Оған бұған дейін Металлургтер мәдениет сарайындағы "Ертіс концерт" мекемесінің ұжымы көшіп кірді. Бұдан былай аталмыш ғимаратта Байжігіт атындағы қазақ халқы аспаптары оркестрі, облыс әкімінің симфониялық оркестрі, камералық оркестр, "Алтай" фольклорлық ансамблі мен Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының үрлемелі аспаптар оркестрі өнерлерін паш етпек.
- Мамыр айында көптеген концерттік бағдарламаны өткізуді жоспарлап отырмыз, - дейді "Ертіс концерт" ҚМКК бас әкімшісі Гүлнар Бектұрғанова. - Жақында камералық оркестр өзінің 20 жылдығын атап өтті. Мамырдың бастапқы күндерінде симфониялық оркестрдің концерті өтіп, Аюхановтың балеті келеді деп жоспарланып отырмыз.
Азамат ТЕМІРБЕКОВ