Жанат Омарбекова: Тұрғындардың көбі референдумға келуге ниетті

732
көрілім

Санаулы күндерден соң басталатын референдумның маңызы мен ерекшелігін депутаттар қала, аудандарды аралап түсіндірулерін жалғастыруда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
О.Бөкей атындағы қалалық кітапханада «AMANAT» партиясы ШҚО филилалы өкілдерінің қатысуымен жиын өтті. Қазір әлеуметтік желілер мен түрлі порталдарда аталған шараның маңызы жіті түсіндірілуде. Жауапты тұлғалар осыны есепке алып, түсіндіру жұмыстары қаншалықты қажет деген ойда болған көрінеді.


- Өңір тұрғындары референдумнан оң өзгерістер күтеді. Көбі келуге ниетті. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұщымды ақпараттар ұсынылуда. Осы ретте аудан, қаланы аралап түсіндіруіміз қаншалықты қажет деп екі ойлы болдық. Алайда жұртшылықпен жүздесіп, әр норманы түсіндіргенімізде олардың әралуан сауалдар тыңдадық. Әлдеқандай қызығушылық пайда болып, өз пікірінің маңыздылығын түсінгендей болды. Егер диванда жатып, сын жазуын жалғастыра берсе, демек, еш өзгерістің болмауын құптайтындай. Сайып келгенде, демократиялық қоғамды бірлесе құруымыз керек, - деді Жанат Әнуарбекқызы.