Жандарбек Бекшин Қазақстанда коронавирус қашан тіркелуі мүмкін екенін айтты

394
көрілім

Қазақстан Республикасының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус инфекциясының Қазақстанға кіру ықтималдығына қатысты ғалымдар болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпарат қа сілтеме жасап.

«Барлық тиісті шараны іске асырып жатырмыз. «Шеңбер» аясы қысылып бара жатқанын көріп отырсыздар. Қытай ғана еді басында. Қазір Иран, Оңтүстік Корея, артынша коронавирус Еуропа елдерін шарпыды. Инфекция тіркелген елдердің ортасында қалдық. Әлбетте, бізге вирус кірмейді деп кепілдік бере алмаймыз. Вирус – қамап тастайтын «мал» емес. Адам немесе жануардың бойында өсіп-өркендей береді. Күн сәулесі оны жеңе ме, жоқ па деген де сұрақ қойылып жатыр. Алайда бұлай ойласақ, күн жарқырап тұрған Иранды қараңыз. Вирус кез келген жануардың азғасында дами береді деп айтар едім. Біздің міндет – тәртіп болатындай ұйымдастыру жұмысын күшейту», - деді Жандарбек Бекшин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.