Жанна Бектемірова: Кіші отаннан үлкеніне дейін

353
көрілім

1971 жылдың 2 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының Шар қаласында дүниеге келген. Әкесі – инженер-құрылысшы, анасы- архитектор, бауыр-қарындастар ата-анасының ізін қуды. Жанна Қазақ Мемлекеттік архитектура-құрылыс Академиясында «Экономика және құрылысты басқару» мамандығы бойынша білім алады. Қазіргі уақытта Бектемірова Астанадағы құрылыс компаниясының Бас директорының лауазымында.

Жанна Бектемірова – бес баланың анасы әрі бизнес-ханым. 1998 жылы ол өзінің «Шар құрылыс» компаниясын ашады. Компанияның атауы туған қаласының құрметіне қойылған. Қазіргі таңда оның компаниясы Қазақстандық құрылыс компанияларының арасында көшбасшылық орынға ие.

Лондондағы Халықаралық құрылыстық көрмеде «Шар құрылыс» сенімді әрі тұрақты серіктес ретінде таныстырылды.

2007 жылы Цюрихте әлемдегі ірі компаниялармен қатар «Еуропалық сапа» атағына ие болып, Париждегі «ВАТIМАТ – 2007» ірі халықаралық көрмесіне қатысады.

Жанна балалар үйіне белсенді түрде қолдау көрсетеді. Оның компаниясы қаржылық көмек қана көрсетіп қоймай, аз қамтылған адамдардың өмірін жақсартуға байланысты мәселелерді шешуге ат салысады. Бұл үшін Бектемірова ханым Білім Министрлігінің «Жыл меценаты – 2008» алтын медаліне ие болды. Ал кәсіби және қоғамдық қызметі үшін Еуропалық бизнес ассамблеясы оны Виктория Патшайымы Орденімен марапаттады.

2011 жылы Жанна Жақсылықова еңбек және қайырымдылық қызметіндегі жетістіктері үшін «Құрмет» орденімен марапатталған. Осы жылдар бойы ол өзі оқыған П.Г. Карелин атындағы туған мектебінің ұжымымен үзбей байланыс жасап отырды. Оларға спонсорлық көмек беріп, жас және перспективалы оқушыларға қолдау көрсетеді, мектеп корпустарын жөндеуге көмектеседі. Оқу озаттары кәсіпкердің атынан атаулы шәкіртақылар алып отырады.

Өзіңізге ұнаған үміткер үшін «Рухани жаңғыру. Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайтында дауыс беруіңізге болады: http://100esim.el.kz/ru

Сайттың бас бетінде жобаның мәреге жеткен барлық үміткерлерімен танысуға болады.

Әлеуметтік желі немесе пошта арқылы авторизациядан өткеннен кейін сіз өмірбаяны өзіңізге ұнаған адамға дауыс беру құқығына ие боласыз.

Дауыс беру келесі категориялар бойынша жүргізіледі: ғылым, қоғам, медцина, спорт, мәдениет, бизнес. Әр категорияда үш қатысушыны ғана таңдауға болады.

Біздің замандасымыздың ұжымдық келбеті толық әрі айқын болуы үшін Қазақстанның 100 жаңа есімін таңдауға қатысыңыз.