Семейлік желаяқ Жанна Мамажанова 42 шақырымға созылатын марафон аламанына дайындығын үдетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Естеріңізде болса, биыл сәуір айында Нидерланды елінде өткен халықаралық додада 42 шақырым 195 метрді 2:26:54 уақытта бағындырып, көпті тәнті еткен-тұғын. Ел рекордын жаңартқан Мамажанова шілде айының ортасында АҚШ-тың Орегон қаласында өтетін Әлем чемпионатына жолдама ұтқан болатын.
Жуырда күніне 20-30 шақырым жүгіріп, әзірлікті арттырғанын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Әсіресе жексенбі сайын дайындықты күшейтіп жатқан көрінеді.