Жанна Мамажанова марафонға жүгіруден ел рекордың жаңартты

3183
көрілім

Маңыздысы сол, жерлесіміздің жеңісін шетелдіктер көріп, таң-тамаша болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Спорттық жарыстарда пелотон деген бар. Негізгі топ ұжымдаса, бірқалыпты жылдамдықты ұстап тұрады. Тек мәреге 10-15 шақырым қалғанда өзіне бек сенімділері қар үзіп, жеке дара көш бастауға ұмтылады. Ендеше Нидерландының Роттердам қаласында өткен марафон жарысында семейлік желаяқ дәл осы әдісті қолданды. Бастапқыда пелотоннан ажырамай, кейінірек жылдамдығын арттыра түсті. 42 шақырымға созылған жарыс жолын көпшілігі екі жарым сағаттан асырып бағындырды. Дегенмен көпшілігі ауа райы қолайлы болғандығын алға тартты. Ал жел мен ыстығы қатар келе беретін Шығыстың қызы бұған мән беріп жатпады. Онымен қоса мәре сызығын 2.26.54 уақытта кесіп өтіп, мұнысы Қазақстан рекордың жаңартуға жеткілікті болды.

Айта кетейік, ел рекорды 1987 жылдан бері Зоя Ивановаға тиесілі болатын. Енді республика жеңіл атлетикасында жаңа есім. Сондай-ақ, бұл жетістік Жаннаға 2022 жылдың 15-24 шілдесі аралығында Орегон қаласында (АҚШ) өтетін әлем чемпионатына жолдама алуға мүмкіндік берді.