Жанна Жабекова қазір отыз жаста. Осы отыздың жылдың жетеуін ол мүгедектер арбасында өткізді. 2010 жылы орын алған жол апатынан кейін алғашқы кезде оның денесі тіпті қимыл-қозғалысқа жарамай қалған. Омыртқаға түскен зақым оның жан-дүиесінің де тас-талқанын шығарды. Өмірі құрдымға құлдырап кеткен тәрізді еді. Алайда Грехово кентінде орналасқан оңалту орталығында үзбей жүргізген емнің арқасында кереуетке таңылып қалған Жанна мүгедектер арбасына отыра алатын халге жетті. Енді ол уақыт өте келе қайта аяққа тұратынына сенімді.
Нәзік, биязы қыздың өмір соқпағына төтеп беруіне не көмектесті екен?
Жанна мамандығы бойынша сәнгер-құрылымдаушы. Хендмейдпен шұғылданады. Балаларға және декорацияға арналған жұмсақ ойыншықтар тігеді. Газет сабақтарынан бұйымдар тоқиды. Үйді сәндеуге арналған тоқыма ыдыс-аяқ жасайды.
— Қандай жағдай болса да, өз артықшылықтарын іздеу керек. Менің енді өте көп бос уақытым бар, бұл қазіргі заманда таптырмас нәрсе, — деп өз ойымен бөлісті шебер қыз.
Жанна шағын көлемде жұмыс істеді. Ойыншықтар жасап, ғаламторға жарнама беріп, оларды сатуға қоятын. Осы ғаламтор арқылы мастер-класстар өтіп, жаңа дизайнерлік технологияларды үйренді. Көп ұзамай оның жұмысын ел байқайды. Жұмсақ ойыншықтарға, интерьерді сәндеуге арналған бұйымдарға тапсырыстар түсе бастады. Өткен жылы Жанна «Даму» қорының бизнесті дамытуға арналған өтеусіз грант жеңіп алды. 15 наурызда өзінің туған ауылы Көкпектіде тігін цехын ашады. Кішігірім кәсіпорында Жанна авторлық өніммен қатар киім-кешек тігу мен жөндеуді де жүзеге асырады. Жұмысқа барып-қайтуына ыңғайлы болуы үшін цех өзінің тұрып жатқан үйінде орналасқан. Өз ізін қолға алған бойжеткенге ШҚО Кәсіпкерлер палатасының жергілікті филилаы мен облыстық Іскер әйелдер Кеңесі көп қолдау көрсетіп отыр.
Жанна осымен тоқтап қалмаймын дейді. Бүгінде оның цехы замануи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Оның кәсіби шеберлігі де дамып келеді. Ол интернет-курстар мен бейне-сабақтардан өз бетімен дәріс алуда. Шебер қыздың есімі ел арасында тез танылып, Теміртау, Астана қалаларындағы бірқатар ұйымдар оның жұмысына қызығңшлықы танытты. Жанна өзінің zhanna-zhabekova.kz сайтында кәсіпорынның өнімдерінің үлгілерін жариялап отырады.
Жаратқан бақытты дайын күйінде бермейді дейтін сөз бар. Ол тек мүмкіндік жасайды. Жанна Жабекованың өмірін күрт өзгерткен өайғылы жағдай оның қатал тағыдырына айналған емес. Керісінше, шебер өзіне жаңа жол ашып, өз мүмкіндіктерін барынша пайдалануда. Ол өзін де, қоршаған адамдарын да бақытты ете алатынына кәміл сенеді.
Өзіңізге ұнаған үміткер үшін «Рухани жаңғыру. Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайтында дауыс беруіңізге болады: http://100esim.el.kz/ru
Сайттың бас бетінде жобаның мәреге жеткен барлық үміткерлерімен танысуға болады.
Әлеуметтік желі немесе пошта арқылы авторизациядан өткеннен кейін сіз өмірбаяны өзіңізге ұнаған адамға дауыс беру құқығына ие боласыз.
Дауыс беру келесі категориялар бойынша жүргізіледі: ғылым, қоғам, медцина, спорт, мәдениет, бизнес. Әр категорияда үш қатысушыны ғана таңдауға болады.
Біздің замандасымыздың ұжымдық келбеті толық әрі айқын болуы үшін Қазақстанның 100 жаңа есімін таңдауға қатысыңыз.