Жарма аудандық Прокуратурасы кәсіпкерлердің талап-арызын қабылдайды

799
көрілім

Кәсібін өрге домалатуда кедергіге тап болған кәсіпкерлер Прокуратураға арыз түсіре алады.

– Жарма ауданының құзырлы органы ел ішіндегі өзекті мәселеге қатысты талдау жүргізеді. Көп жағдайда кәсіпкерлер өз мәселесін шешуде кімге хабарласарын білмей жатады, – делінген хабарламада. – Сондықтан Жарма ауданының Прокуратурасы барлық кәсіпкерлерге кездескен қиындығы жайлы қысқаша жазып, сонымен бірге өз ұсынысын білдіруге болатыны туралы хабарлайды.

Егер талап-арыздар, ұсыныстар түсіп жатқан жағдайда құзырлы органның қызметкерлері жинақталған мәселені шешу жоспарын құрмақ.

Мәселенің қысқаша мазмұны мен ұсынысын аудан кәсіпкерлері 7234710@prokuror.kz электронды поштасына жіберуіне болады. Байланыс телефоны – 8 (72347) 65-560.

Аңсар НҰРИМАН