Жарма ауданы Кеңтарлау ауылындағы мектептің жөндеу жұмысы аяқталуға жақын

556
көрілім
Шартты фотосурет

Бұл туралы аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан басшысы Қаратөбе ауылдық округіне жасаған сапарында Кеңтарлау ауылының да ахуалына көңіл бөліп, жергілікті мектептің жағдайымен танысты.

– Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жаттығу залы мен ішкі кәріз жүйесін орнату барысын аралап көрдім. Мердігер санаулы күнде қолданысқа беретіндігін жеткізді. Сол сияқты ауыл ортасынан өтетін Шар өзенінің қауіпті деген участіктерін аралап, көктемгі су тасқынына тосқауыл боларлық жағалауларды бекіту жоспарын қарастырдық, – деді ол.