Жарма ауданы тұрғынының жертөлесінен марихуана табылды

465
көрілім

"Қарасора" жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жарма ауданының 34 жастағы тұрғынының жеке үйінде санкцияланған тінту жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Нәтижесінде үйдің жертөлесінен есірткі өсімдіктерінің плантациясы табылды.

Анықталғандай, үй иесі марихуананы арнайы құмыраларда өсіріп, оларға күтім жасаған. Жалпы салмағы жарты килограммнан асатын құрамында есірткі заты бар барлық өсімдіктер тәркіленіп, тиісті сот сараптамасы жүргізілді.

- Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігіне сәйкес (құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оның санкциялары 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов