Жарма ауданына қарасты Шуақ ауылындағы қазандық жылыту маусымына дайын

483
көрілім

Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Талғат Мұратов Жаңғызтөбе кентіне қарасты Шуақ ауылында болып, түзеу мекемесін, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй секторын жылумен қамтамасыз ететін қазандықтың жай-күйімен танысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жылу қазандығын аралап, дайындық деңгейін анықтауға  «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы М.Жансеитов, ішкі саясат бөлімінің басшысы М. Матанов және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Б. Наурызбаев қатысты.

- Қазандықтың барлық жабдықтары штаттық режимде жұмыс істейді, жеткілікті көмір қоры бар. Нысанның қысқа дайындығымен танысу қорытындысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне бірқатар тапсырмалар берілді, - деді қазандық басшысы Биғат Абдрашов.


Қазандықтың материалдық базасын нығайтып, жылыту маусымына  еш ақаусыз дайын болу қажеттігі алға қойылды. Шығынды неғұрлым азайтып, бөлінетін жылу көлемі жоғары болуын назарда ұстау керек.  Бүгінгі таңда орталық желіге су айдау, жылу қазандығын отынмен толтыру жұмыстары атқарылып, электр және басқару желілері толық тексерістен өткен. Яғни, қазандық алдағы жылыту маусымына дайын.