Жарма ауданының Жастар ресурстық орталығында Абай күніне орай «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған шараға белсенді жастар өкілдері қатысты. Олар Абай шығармаларындағы қанатты сөздерді мәнерлеп оқып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
- Еліміздің рухани әрі мәдени өркендеуі жолында алғашқы болып қадам жасаған тұлғалардың бірегейі - Абай атамызға деген құрметіміз шексіз әрі мәңгілік. Ұлы ойшылдың даналыққа толы өлеңдері мен қара сөздері - қазақ әдебиеті мен мәдениеті үшін асыл қазына, үлгі-өнеге. Хакім Абайдың көкірегі ояу, көзі ашық ойлы жанға, бүгінгі ұрпаққа арнаған өсиеті мол.  Ұлы ақын сынаған кемшіліктерден арылып, ол мақтаған жақсы қасиеттерді бойға сіңіру, оған лайық болу – жастар үшін үлкен парыз, - деді ұйымдастырушылар.
Кемеңгер тұлғаның даналық ойларын көңілге түйіп, өмірде жүзеге асыру арқылы адамгершілік шыңына шыға аламыз деді жастар.
 
                            
 
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                        
 
                             
                             
                                 
                                     
                                     