Жарыс өзге ұлт өкілдері арасында өрбіді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Әрбірі тыңғылықты әзірлікпен келген. Олар кемеңгер тұлғаның табиғат жайлы, астары философияға толы әрі жігер беретін әралуан өлеңдерін оқып, бейнесін аша түсті.
– Абай – қазақтың ұлы Абайы, жер жаһанның алыбы. Жас толқын үшін Абайдың өсиеттері мен өнері асыл қазына. Осы орайда, мерейлі мейрамда, Ұлы тұлғаға тағзым жасау мақсатында, " Өлең-сөздің патшасы " атты өзге ұлт өкілдері арасында сайыс өткізілді, – делінген мәліметте.
Сайыс қорытындысы бойынша :
l - орынды " Маяковский атындағы орта мектебі " КММ-ұстазы Алла Тайманова жеңіп алды.
II - орынды Шар қаласының " Жарма технологиялық колледж " КММ - сі, Анастасия Остап қанжығасына байлады.
III - орынды Бірлік ауылдық округінің тұрғыны , оқушы Аяла Садырбек Аяла иеленді.