Жарма ауданында аудандық мекемелер арасында шағын футболдан чемпионат өтті

13592
көрілім

Аталған сында Жастар ресурстық орталығы және Қалбатау ауылдық әкімшілігі мекемесінен құралған команда топ жарды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Спорт десе ішкен асын жерге қоятын жігіттер теңбіл допты армансыз теуіп, командалар бір-бірінен шеберліктерін асыруға тырысты. Жастар ресурстық орталығы және Қалбатау ауылдық әкімшілігі мекемесінен құралған команда қарсылас шақ келтірмей, тұғыр сатысының ең биігінен көрінді. Екінші орынды Байланыс торабы және Шығысэнерготрейд мекемелері қызметкерлерінен құралған топ иеленсе, соңғы орынды Жарма ауданының орталық ауруханасының қызметкерлері алды. Жүлдегер командаларға Жастар ресурстық орталығынан мадақтама, кубок және сыйлықтармен марапатталды.  


- Жарыс нағыз теңбіл доп шеберлерінің ойыны болды. Өзгелерден айырықшаланып, әдемі ойын үлгісін көрсеткендер түрлі номинациялармен марапатталды.

«Үздік шабуылшы» аталымы - Ержан Баяндиновқа, «Үздік қақпашы» - Олжас Жунусовке, «Үздік қорғаушы» -  Ермек Альмухинге, сондай-ақ «Үздік ойыншы» номинациясы Тимур Айжановқа бұйырды, - делінген мәліметте.