Оқиға Жарма ауданы Қалбатау ауылында орын алған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
- 18 қараша күні Жарма ауданы Қалбатау ауылында 2011 жылы туған ер бала қолы мен бет жүзінің күйік шалуы салдарынан ауруханаға жеткізілді. Белгілі болғандай, зардап шеккен бала пешті тұтату үшін бензин пайдаланған, қатты жалыннан оны күйік шалды, – делінген ҚР ІІМ ТЖ комитеті таратқан мәліметте.