Аудан әкімдігі биылғы оқу жылындағы жалпы орта білім беру мекемелеріндегі білім сапасы жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Осы ретте аудан әкімдігі 2020- 2021 оқу жылындағы жалпы орта білім беру мекемелеріндегі білім сапасы 75 пайызды құрағанын ( 2019- 2021 оқу жылы - 72 пайыз болды) атап өтті. Белгілі болғандай, осы жылы мектеп бітірген 348 түлектің 280-і Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырып, 142 түлек грант иегері болды (51 пайызы).
Оның 16-сы әкім грантының иегері. Аудан, облыс, республика көлемінде ұйымдастырылған түрлі интеллектуалдық олимпиадаларға, конкурстарға және ғылыми жарыстарға қатысқан 3495 оқушының 1643-і (47%) жүлдегер атанды. Соның ішінде халықаралық, республикалық деңгейде өткізілген олимпиадалар мен конкурстардан екі ұстаз және 24 оқушы жеңімпаз атанды, - делінген мәліметте. - 2019-2020 оқу жылында оқушы контингенті 6985-ті құраса, ағымдағы оқу жылында 6989 оқушы білім алуда.