Жарма ауданында қазақтың ақбас сиыры тұқымын өсірушілердің семинары өтті

440
көрілім

Жаңадан құрылған Абай облысының Жарма ауданында қазақтың ақбас сиыры тұқымын өсірушілердің республикалық семинары өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қатысып, Шалабай ауылында жергілікті серіктестің жұмысымен танысып, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 100-ден аса ауылшаруашылық құрылымдарының өкілдерімен кездесті. Министр шаруашылық иелеріне заманауи технологияларды қолдану, «Асыл Түлік» жобасы туралы әңгімеледі.  2021-2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі Ұлттық жобаның мал шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін жемшөп базасын құру, жануарлардың генетикалық әлеуетін арттыру, өндіріс технологиясын одан әрі жетілдіру сияқты негізгі бағыттарына тоқталды.


Жарма ауданындағы «Шалабай» ЖШС-де канадалық технология бойынша ірі қара мал өсіру жобасы жүзеге асырылуда. Оны облыста алғашқы болып енгізген шаруашылықтың жұмысына  Ауыл шаруашылығы министрі жоғары баға берді.

«GrowSofe systems» жүйелерімен ұсынылған жоғары технологияларды қолдану бордақылауда да, асылдандыруда да өзін дәлелдеді. Таныстыру сапары барысында ЖШС директоры Қуаныш Сүлейменов мәлім етті. Ол жүйенің қалай жұмыс істейтінін де түсіндірді.

Мысалы, бордақылау бұқаларына бекітілген тегтердің көмегімен «GrowSofe systems» жүйелері қажетті деректерді автоматты түрде қабылдайды және талдайды. Жүйе бұқаның нені, қанша жейтінін граммға дейін оқиды. Сондай-ақ зияткерлік жүйе бақыланатын ІҚМ денсаулығында ақау бар-жоғын дер кезінде хабарлай алады.
ТОО«Шалабай» шаруа қожалығында селекциялық жұмыстар жақсы жүргізіліп, асыл тұқымды бұқалар канадалық технология бойынша бордақылануда, бұл ірі қара малдың элиталық басын көбейтуге мүмкіндік береді. Шалабай шаруашылығында 1400 аналық бас және  2621 бұқа бар.

Агроөнеркәсіпті дамытуға үлес қосқаны үшін серіктестіктің негізін қалаушы Қ.Сүлейменов пен бас директордың орынбасары С. Даулетоваға Алғыс хаттар табыс етті.
Республикалық семинар жұмысы Әуезов кентіндегі Мәдениет үйінде жалғасып, онда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер субсидиялау, ет сату және агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың басқа да тетіктеріне байланысты мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.