Жарма ауданының Шар қаласы мен Суықбұлақ кентінде баспанаға мұқтаж үш көпбалалы отбасына пәтер кілттері табыс етілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Үйлер елордадағы Gentlemen’s Club бірлестігінің демеушілігімен сатып алынды.
- Құрамына белгілі қоғам, өнер, спорт қайраткерлері, интеллигенция өкілдері, сондай-ақ жеке, ірі кәсіпкерлер енген бірлестік еліміздің әр аймағында тұрғындардың түрлі санаттарына жәрдем беріп, әлеуметтік нысандарға да шаралар өткізуге қолдау көрсетіп келеді, - делінген мәліметте.
Шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Талғат Мұратов, аудандық мәслихат хатшысы М.Оспанбаев, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты. Елордадан келген қонақтар пәтер кілттерін тапсырып, отбасы мүшелеріне қызықты да бақытты ғұмыр кешулеріне тілек білдірді.
Баспаналы болған жаняұлар өз тарапынан қайырымдылық көмек көрсетуші азаматтарға ризашылықтарын білдіріп, әрі қарай аудан әкімдігі атынан демеушілер бірлестігіне Алғыс хат табыс етілді.