Жарма ауданында мал ұрлығымен айналысқан ер адам құрықталды

467
көрілім

Жарма ауданында осы уақытқа дейін мал ұрлап, сойып сатумен айналысқан ер адам қолға түсті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Жарма аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы Қалбатау ауылдық округіне қарасты қыстақтағы қорадан 3 бас ұсақ мал ұрлаған ұрыны қолға түсірді. Ұрланған малдың жалпы құны 120 мың теңгені құрады.

Осылайша 21 жасар күдікті осы уақытқа дейін ұрланған малды сойып сату арқылы пайда тауып келген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі 1,3-тармақтарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, күдікті өз кінәсін толығымен мойындады.

Қазіргі уақытта ұрының сыбайластарын анықтау шаралары жүргізілуде.