Жуырда Жарма ауданы білім беру мекемелерінде «Түлек 2022-Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты 11 сынып түлектеріне аттестатты салтанатты тапсыру іс-шаралары өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шараның мақсаты - жас түлектерге білім туралы құжатты алудың маңыздылығын дәріптеу, патриотизмге, елінің лайықты азаматы болуға тәрбиелеу, бәсекеге қабілеттілігін дамытуға ықпал жасау.
Жалпы аудан бойынша 337 түлек мектеп бітіріп, оның 38-і «Алтын белгі», 18-і үздік аттестат иегері атанды. Білім бөлімінің басшысы Қ.Шаймуратов Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназияда салтанатты шараға қатысып, жас түлектерге сәт-сапар тіледі.
- Туған елге құрмет – өз мектебіңе, отбасыңа, ауылыңа деген ықыластан басталады. Ендеше мектеп бітіруші жас түлектердің асқақ арман жолында жаңа белестерге өрлеп, мақсаттарына жетулеріне тілектеспіз! - делінген аудан әкімі Нұрымбет Сақтағановтың әлеуметтік желідегі парақшасында.