Жарма ауданында Металлургтер күні атап өтілді

376
көрілім

Аталған шараға  аудан әкімінің міндетін атқарушы  Талғат  Мұратов, кент активі мен еңбек ардагерлері қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл атаулы күні осы саланың үздік мамандарына ерекше құрмет көрсетілді.
Мереке салтанатты жиынмен жалғасты.
- Металлург - бұл, әсіресе біздің индустриалды аймағымыз үшін аса маңызды кәсіп. Металлургия саласы  аудан экономикасының қайнар көзі, - деді Талғат Батырұлы осы саланың  еңбеккерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекесімен құттықтау барысында.


Бірқатар қызметкерлерге Құрмет грамоталары тапсырылды. Ал еселі еңбегімен ерекшеленген жұмыскерлер 1-ші, 2-ші және 3-ші дәрежелі  «Кенші даңқы» төс белгілермен марапатталды.
Сонымен қатар  орталық саябақта шағын футбол өткізілді. Арнайы балалар үшін мектеп стадионында аниматорлармен көңілді ойындар, көбік кеші, асфальтта сурет байқауы болса, ересектер үшін ашық алаңда караоке және биден баттл ұйымдастырылды.
Мерекелік шара Қазақстан эстрада әншілерінің қатысуымен өткен концерттік бағдарламаны тамашалап, кеш соңы мерекелік отшашумен қорытындыланды.