Қазір аталған ауданда бірнеше пән бойынша мамандар жетіспеуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жарма ауданында білім саласына қатысты жағымсыз фактілер жиі байқалуда. Осыған дейін сайт тілшісіне хабарласқан тұрақты оқырмандарымыз алты айдан бері мектеп директорлары, оқу ісінің меңгерушілері, өзге де мамандар (тәлімгер, кітапханашы) ауылдық жерде қызмет етулеріне байланысты 25 пайыздық үстемақыларын ала алмай отырғандықтарын айтқан болатын. Алайда мәселенің мұнымен шектелмейтіндігіне көзіміз жеткендей. Аудан әкімінің орынбасары Ернар Бексұлтанов ауданда мұғалімдер тапшылығы барын да жасырмады.
– Аудан бойынша 2019-2020 оқу жылында 1059 оқытушы жұмыс істеуде. Бүгінде аудан мектептеріне 9 мұғалім жетіспейді. Атап айтсақ, математикадан – 2, ағылшын тілінен – 1, орыс тілінен – 3, сондай-ақ химия-биология пәндері бойынша 3 маман тапшы, – дейді жауапты тұлға.
Әділхан ЕСІМХАНОВ