Бүгін Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің құрылған күніне орай, Қазақстан Республикасында ресми түрдегі кәсіби мерекелердің бірі - құтқарушы күні атап өтіледі.
Осыған байланысты аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин 32-ӨСБ қызметкерлерін мерекемен құттықтап, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, өрттің алдын алу және сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі қызметтеріне табыс тіледі.
- Мінсіз қызмет атқарып, авариялық-құтқару қызметіндегі жетістіктері үшін 32 – ӨСБ бірқатар офицерлері мен жауынгерлеріне құрмет грамоталарын тапсырдым. Аудан әкімінің грамотасымен өрт сөндіру машинасының жүргізушілері Орал Айдар, Қанат Исин, қарауыл бастығы Азамат Имашев және басқалары марапатталды, - делінген мәліметте.
 
                            
 
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                         
                        
 
                             
                             
                                 
                                     
                                     