Желтоқсан айының соңында Жарма аудандық полиция бөліміне заңсыз елік ату фактісі бойынша ақпарат түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, тәртіп сақшылары кешкісін «Семей Орманы» РММ-мен бірлесіп, Қалбатау ауылы маңындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақта патрульдеу барысында сібір елігін заңсыз атқан 53 жастағы Шемонаиха ауданының тұрғынын ұстаған.
- Оқиға орнынан шыққан жедел-тергеу тобы «Ranger» қарда жүру көлігін, 20 калибрлі «Сайга» мылтығы, 7,62 мм калибрлі «Browning» мылтығы, сондай-ақ бір еліктің етін тәркіледі. Келтірілген залал 2 000 000 теңгеден астам сомаға бағаланды, - делінген мәліметт.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның санкциясы 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.