Жарма ауданы, Қызылағаш ауылдық округінде спорттық алаңның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі аудан әкімінің ресми сайтына сілтем жасап.
Аталмыш алаңды қайта жарақтау жұмыстарына 2017 жылы аудандық бюджеттен 13401,0 теңге бөлінген болатын. Спорттық алаңдағы жөндеу жұмыстары екі ай көлемінде жүргізілді. Ашылу салтанатында Қызылағаш ауылының балаларына бірқатар спорт түрлерінен арнайы киімдер мен доптар сыйға тартылды.
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі салтанатты шараға орай шағын футболдан жарыс ұйымдастырып, оған Қалбатау, Ақжал, Қызылағаш ауылдық округінің және Жарма кентінің жас футболшылары қатысты.