Аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин өңірге жасаған сапарын Жаңаөзен ауылында орналасқан «Мейірім» спорттық-сауықтыру лагерінде жүргізіліп жатқан құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, мердігер мекеме «Зайсан строй сервис» ЖШС жұмыс жобасына сәйкес лагерьдің жатақхана ғимаратына қыздар мен ұлдарға бөлек жуынатын, душ және дәретханаға арналған бөлмелер жабдықтаған. Сондай-ақ қосымша кір жуатын бөлмені жөнделіп, жуынатын бөлмелерге жылы еден орнатылған.
– Қазіргі уақытта құрылыс толықтай аяқталып отыр. Аталмыш мердігер таяу күндері ғимаратқа жылу жүйесін тартуды қолға алады. Жылу жүйесін тарта отырып, лагерьдің жыл бойына жұмыс істеуін қамтамасыз ететін боламыз. Сәйкесінше жөндеу жұмыстарын кезеңмен жүзеге асыра отырып, келешекте спорттық-сауықтыру орнының аясын кеңейтуді жоспарлап отырмыз, – деді Ахметқали Ахашұлы.