Жарма ауданында статистика саласының мамандары марапатталды

857
көрілім
Шартты фотосурет

Салтанатты шараға аудан басшысы Ахметқали Нұрғожин қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қараша айының 8-і еліміздің күнтізбесінде Қазақстанның статистика саласының мамандарының күні болып белгіленген.

- Осыған орай аудандық статистика басқармасы ұжымын қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтап құрмет көрсеттім. Саласы сан түрлі болып келетін бұл мамандық иелерінің әрбір өңірдің дамуына қосып жатқан үлестері ұшан-теңіз. Статистикалық мәліметтер дамудың тиімді жолдарын анықтауға жол ашады. Яғни, статистика қажетті мәліметтермен қамтамасыз ете отырып, қолға алынатын жұмыстарымыз бен көңіл бөлетін тұстарымызды дер кезінде айшықтап береді. Дамудың даңғыл жолына түскен еліміз үшін бұл маңызды қадам, - деді Ахметқали Ахашұлы.

Аудандық басқарма ұжымы қыркүйек және қазан айларында өткен халық санағын уақытылы әрі нәтижелі атқара білген. Жауапты тұлғалар маңызды жұмыс нәтижесі бойынша ауданда халық санағы артқандығы байқалатынын да атап өтті.

- Бұл ауданымыздың экономикалық және әлеуметтік даму тұрақтылығын көрсетіп, оған қоса ілгері басуына ықпалы етеді. Өткен санақ жұмыстарына көз жүгіртсек, ауданымыздағы жалпы халықтың 51 пайызы онлайн режимде мәліметтерін толтырған. Бұл көрсеткіш халықтың электронды қызмет түріне бет бұрғандығын көрсетеді. Жалпы саланың салмаған арқалаған мамандарға кәсіби мерекелерінде ел игілігі жолындағы еңбектеріне алғысымды жеткізе отырып, Алғыс хаттармен марапаттап, құрмет көрсеттім, - Ахметқали Нұрғожин.