25 желтоқсан күні Жаңа жыл мерекесіне орай Жарма ауданында оқушылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Төрлет, Жаңа жыл» атты мерекелік шара өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі аудан әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Мерекеде аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин кішкентай бүлдіршіндерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сыйлықтарын табыс етті. Шара барысында балалар ән салып, би билеп, тақпақтар айтты. Ал талапты балаларға Аяз Ата әр түрлі тәттілер тарту етіп, мерекенің мерейін асырды.