Жарма ауданында трактор аударылып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 20 қазан күні тіркелген.
— Оқыс оқиға Жарма ауданындағы Қаражал ауылынан 1 шақырымдай жерде болған. «МТЗ-80» тракторы ауыл шетіндегі жолдың бойында келе жатып аударылған. Осының салдарынан трактордың 48 жастағы жүргізушісі мен ішіндегі тағы бір жолаушы оқиға орнында қайтыс болған, — дейді Бақытжан Торғаев.
Тіркелген жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жатыр. Істің толық мән-жайы анықталу үстінде.