Үш жақты меморандум аясында "Қазмырыш" ЖШС, ШҚО ТЖ департаментіне аз қамтылған отбасылар, көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі адамдар және жалғыз басты зейнеткерлер тұратын тұрғын үйлерге орнату үшін 2000 дана улы газ датчиктерін тегін тапсырды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі Жарма ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті 100 дана улы газ датчиктерін Жарма ауданы ТЖБ-не тапсырды. Қазіргі уақытта құралдарды орнату бойынша жұмыстар басталып кетті.
Қалбатау ауылы және Шар қаласы тұрғындарының үйлерінде 15 датчик орнатылды және жұмыс жалғасын табуда.
Бұл акция көптеген тұрғындарды улы газдан сақтануға, өрт санын азайтуға, жылыту маусымында адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алуға көмектеседі. Көбінесе өрт кезінде адамдар уланған түтіннің жұғуы салдарынан қаза болады. Улы газ немесе көміртегі монооксиді (CO) өз қасиеттері бойынша түсі, иісі және дәмі жоқ улы газ болып табылады және адам үшін мүлдем көрінбейді.
Улы газбен уланудың алғашқы белгілері: бас ауруы, бас айналуы, шаршау немесе жүрек айнуы. Сергектік жағдайында адам бұл симптомдарды тұншықтырғыш газбен байланыстыра алмайды, ал ұйқы кезінде сезбейді. Ауадағы затты тек арнайы аспаптар ғана анықтай алады, себебі газдың иісі де, түсі де болмайды. Ауадағы рұқсат етілген параметрлерден асып кетуі, үй-жайда уытты газдың бар екендігін айғақтайтын дыбыстық сигнал датчигінің реакциясы болып табылады.